Прямой эфир
Махаббат күші - тылсым күш
Махаббат күші - тылсым күш. Оны өлшемге салу мүмкін емес, оны тек қана сезуге болады. Антропологтардың айтуынша махаббаттың биологиялық түсінігі бар. Ол - эволюцияның қулығы. Табиғаттың механизмі.
Ғашықтық сезімі адамның миының кокаин әсер ететін бөлшегіне ықпал етеді екен. Соған қарағанда, махаббат есірткі іспеттес, бірақ физикалық белгілері жоқ, ұстап көре алмайтын, иіскелмейтін не ішілмейтін тылсым күш.
Допомин. Адам ағзасы ғашық болған кезінде эйфория сезімін бастан кешеді. Осы эйфория сезімі допомин гармоны арқылы жүзеге асырылады екен.
Норадреналин. ғашығын көрген сәтте махаббаттан басы айналған адамның алақаны суланып, белгілі бір физиологиялық белгілер байқалады екен.Осыған әсер ететін тағы бір гормонның аты - норадреналин.
Ғашық болған күні адамның ішкі табиғаты өзгеріске енеді. Адам біреуге ғашық болса, басқа жанға дәл сол уақытта ғашық бола алмайды екен. Ғашық болу - айналадағыны көзге ілмеу, басқаларды қажет етпеу, өмірлік көзқарастарды өзгерту. Осының бәрі тылсым күштің әсерінен. Ғашық адамның көз жанары мөлтілдеп, жұмсарып, бетінде белгісіз жымиыс пайда болады. Ғашық адам ессіздікке енеді.
Махаббат шыны емес жалғай салар..

сен қасымда бар болғаның бағалы
бар ма жанның сағынбауға амалы,
сезім-толқын шарқ ұрады жағаны.
алыстаған шақта ғана түсіндім,
сен қасымда бар болғаның бағалы.
сағынасың, көздің жасы тамады -
сағынышты бір басудың амалы.
шыда, жаным, сәлден кейін күлімдеп,
құшағыма қысып-қысып аламын.
сезіміңнің әсем әуен бал әні,
мәңгілікке бар санамда қалады.
маған десе мың өзгерсін барша әлем,
сен қасымда бар болғаның бағалы.
Daure6 (c)
Қу ақынның жүресің бағын ашып...
Сен мені ұнатасың,
Бірақта байқатпайсың,
Жаныңды жылатасың,
Жай таппайсың,
Көңілің налып.
Қарайсың, сұратасың,
Жібермейсің,
Жанарыңның құлы ғып жүрер дейсің,
Сен неге сыр ашпайсың,
Мұңыңның бәрін жинап,
Маған барып?!
Мен адаммын,
Періште емес,
Қасыңдамын,
Сезімді қалай мынау жасырғаның?!
Жаныңның маған деген ылтипатын,
Жыр сипатын,
Түсінбеді қу миым,
Санам, - барым.
Қалайша?
Қалай ғана сағынасың,
Қу ақынның жүресің бағын ашып.
Қалайша мұндай жанның,
Тым асау, қызу қанды,
Айтқанына сенесің,
Бағынасың,
Асыл бағым?!
Мен өзіңді қалай сүйсем...
Мен өзіңді қалай сүйсем, сен де оны,
Мен сияқты күні-түні аңсап-бақ.
(с) Daure6
Асау жүрек махаббатты жаратты...
Асау жүрек махаббатты жаратты,
Барша әлемге шапағатын таратты.
Қазақ бала қазақ жерін сүймесе,
Ата-анасы қай тесікке қарапты?!
Қазақ жүрек қазақ сырын білмесе,
Өз тілінде жыр әндетіп жүрмесе,
Туған жерін анасындай сүймесе,
Ондай жанның отауына кірмес ем.
Мұндайларды қазақ жанды демес ем,
Өз еліме өзге ел жоқ теңесер.
Шала жансар адамдары болмаса,
Шүкір етем, қазақи жер, ел есен.
(с) Daure6
Кілтін іздеп әлде сіз көресіз бе?!
Тіршілікті тербеткен бесігінде,
Жатырмын жырмен құшып Жер-Ананы.
Мен деген кейіпкердін есі кімде? -
Жауабын жүрек қана бере алады.
Жүрегімнен сұра не, сұрама не,
Кілті жоқ сандығында сыр жатады.
Жалынышты жыла не, жылама не,
Тұңғиық тереңіне кім батады.
Бөле мейлің, бөлеме шапағатқа,
Жүрегім сыр ашпайды дәлелсізге.
Тұрақтылық болмады-ау махаббатта,
Кілтін іздеп әлде сіз көресіз бе?!
(с) Daure6
Тағы сол ән...

Тағы сол ән...
Тағы биге шақырдым,
Ендім тағы құшағына асылдың.
Сездім тағы алақанның жылуын,
Қуанышты байқатпадым, жасырдым.
Билеймін деп өзегімді өртедім,
Сезім вальсы әуеніне елітеді.
Бір ырғақпен жайлап қана айналып,
Сүйгеніммен билеп жүрмін - ертегі.
Қиналамын, қиындықты жасырман,
Оның жаны таза, алтын, асылдан.
Шоқтан алау жағып көргім келді ме? -
Мен ғой оны қайта биге шақырған.
(с) Daure6
Сен соны түсінуге тырысып-бақ
Мен саған тиісуге құмармын тым,
Тыным таппай тұрғанда құрысып жақ.
Ақын-көңіл пәлеге құмар, шіркін,
Сен соны түсінуге тырысып-бақ.
Бір сезім бір сезімге алмасады,
Санамда жауабы жоқ толы сұрақ.
Қуанышқа қайғы мұң жармасады,
Сен соны түсінуге тырысып-бақ.
Ақынмын, ақын-көңіл сезім құмар,
Тұрамын күлгендермен күлісіп-ақ.
Көңлімнің бар арайы өзің шығар,
Сен соны түсінуге тырысып-бақ.
Daure6 (c)
- 2
- 1

poetry